«Ғылым күні» және ұлы ақын, педагог, ағартушы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл

13.04.2023

2023 жылғы 12 сәуірде М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжде «Ғылым күні» және ұлы ақын, педагог, ағартушы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуын атап өту аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Мағжан рухы және 21 ғасыр жастары» тақырыбында республикалық Web-конференция өткізілді. Конференцияға қатысу үшін 100-ге жуық өтінім келіп түсті. Студенттер үлкен қызығушылық танытып өз жұмыстарымен бөлісті және басқа да қатысушылардың жұмыстарын талқылады. Жұмыстар тартымды әрі қызықты болды. Конференция практикалық сипатта болды және әрбір спикер өз зерттеулерінің дайын өнімін көрсетті. Зерттеу қызметі ерекше мәртебеге ие. Ол адамның санасы және белсенділігімен реттеледі, оның өнімі жаңа білім болып табылатын танымдық зияткерлік қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған. Конференцияға қатысқандарыңыз үшін баршаңызға алғыс білдіреміз және одан әрі кәсіби қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст