26.09.2022
Террористік қауіп-қатерлерге дайын болу үшін оқытушылар құрамымен "Террористік актілерді болдырмау бойынша лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің іс-қимылдарын ұйымдастыру" бойынша сабақ өткізілді. Төтенше жағдайларда іс-әрекеттерді ұйымдастыру: жарылғыш құрылғы болуы мүмкін күдікті затты табу; эвакуациялау туралы ақпарат алу; қауіптің телефон арқылы түсуі; қауіптің жазбаша түрде түсуі; тұтқындыққа алу. АӘД педагогы - ұйымдастырушысы О.К.Нурпеисов осы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер бойынша кеңестер мен нұсқаулықтар берді. Кураторларға бекітілген топтарда түсіндіру сабақтарын өткізу ұсынылды.