Игі істер күніндегі қайырымдылық

18.03.2021

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұйғарымымен әз Наурыз мерекесін тойлаудың бесінші күні – 18 наурыз - «Игі істер күні» Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде қайырымдылық пен меценаттықтың мәдениетін қалыптастыруда жауапты істер атқарылды.
"Искорки" еріктілер тобы Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне, зейнеткерлерге, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғыз басты аналар мен көп балалы отбасыларға көмек көрсетуден аянбай, бар күштерін салды.
Еріктілер тобындағы ұлдарымыз қолдарына күрек алып аулаларды қардан тазартса, қыздарымыз үй ішіндегі жұмыстарды дөңгелетіп қарттарды мейірлендіріп, шынайы алғыстарына бөленді.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғыз басты аналар мен көп балалы отбасыларға тағам толы пакеттер табыс етіліп, мейірімділік сыйлады.
Наурыз мерекесі қарсаңындағы игі істер күніндегі игілікті істеріміз ары қарай жалғасын тауып, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада "30 игі іс" ұранымен басталған эстафетамен жалғасын тауып отыр. Бұл эстафетаға қаланың кез-келген тұрғындары оған қосыла алады және мейірімділік акциясы аясында өз аккаунттарына хэштег астындағы ақпарат немесе видео орналастыра алады.
Жанымызды жадыратып, нұр сыйлайтын әз Наурыз мерекесі құтты болсын! Отбасыларыңызға бақыт, көтеріңкі көңіл, ынтымақ, бірлік тілейміз!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст