«Алақандағы күн» қайырымдылық акциясы

01.03.2022

М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде 1 наурыз «Алғыс айту» күні қарсаңында оқытушылардың, студенттердің және «Инабат» пен «Надежда» клуб мүшелерінің белсенді қатысуымен «Алақандағы күн» қайырымдылық акциясы өтті

Өтілген қайырымдылық акциясы қатысушылардың бойындағы адами құндылықтардың жоғары екендігін көрсетіп, жүректеріндегі жомарттылық, мейірімділік, жылулық сезімдерін қоғамдағы қажет болған әлеуметтік ортаға шынайы махаббатпен сыйлай білді. Бұл өскелең ұрпақ үшін адмгершілік ортаны қалыптастыруға өз себін тигізіп,

Отаншылдық, рухани-адамгершілік тәрбиені асқақтата білді.

Клуб мүшелері Нуртазина Амина және Хасенова Айымгүл клуб жетекшісімен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Денсаулық сақтау басқармасы» КММ-нің «Сәбилер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, балалармен кездесіп, оларға колледж ұжымының шынайы көңілмен сыйлаған жұмсақ ойыншықтарды, қызықты кітаптарды, кеңсе тауарлары мен «Күннің көзі» белгісі ретінде мандариндер табысталып, танымдық ойындар ұйымдастырып, балалардың көңілдерін жадыратып, қуанышты көңіл күй сыйлады.

Құрметті оқытушылар, болашақ маман иелері сіздердің «Алақандағы күн» акциясына белсене қатысып, қоғамға жылу сыйлай білгендеріңізге шексіз алғысымызды айтып, іс-шарамыздың СӘТТІ аяқталуын қуана хабарлаймыз!!!

«Инабат», «Надежда» клуб жетекшілері:
Кожакенова С.Р., Тимошенко Н.В.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст