Айтен Алия Еркешқызы

15.03.2022

Мен ,Айтен Алия Еркешқызы киелі сыр елі, жыр елі, қасиетті Қызылжар өңірінде дүниеге келдім. Ата- анамның үмітіменнен , өзімнің балалық арманыменнен Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжіне «Шет тілі мұғалімі» мамандығы бойынша оқуға түстім. Бүгінгі күні осы оқу орнының 3 курс студентімін. Мен бұл конкурсқа қатысу туралы шешімді бірден қабылдадым, өйткені біз бұрын-соңды болмаған жаңалықтар мен мүмкіндіктер, саяси, мәдени, рухани өзгерістердің уақытында өмір сүріп жатырмыз. Топ-100 байқауы менің қабілеттерімді ашуға, және барша студенттерге өз қажеттіліктері мен орындарын түсінуге көмектеседі деп ойлаймын.

Менің ойымша бұл өзін-өзі танытудың, энергиямен және позитивпен қуаттаудың тамаша мүмкіндігі, сонымен қатар мамандық бойынша өзін-өзі дамыту мен жетілдіру, пайдалы тәжірибе жинақтау мүмкіндігі, бұл менің әрі қарай педагогикалық қызметімде пайдалы болатыны сөзсіз.Бұл байқаудан жүлдері орын алсам жетістігім мұғалімге тікелей байланысты . Әрине, толқулар болады, бірақ ең бастысы - бұл байқау мен үшін мамандық бойынша жаңа көкжиектерді ашады және жаңа идеяларға түрткі болады! Колледж оқытушылары - республикамыздың білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың табыстары мен жетістіктері үшін өздерінің кәсіби шеберлігін , патриоттық пен имандылығын болашақ мамандарға арнаған асыл жандар . Бүгінде олар білімге ұмтылған қаншама жастың маман ретінде қалыптасуына ықпал етіп , болашақтарына үлкен жол ашты , қадамдарын нұрлы етті . Колледждегі күнделікті сабақтар , тәрбиелік іс - шаралар , қалалық , облыстық байқаулар менің жан - жақты дамуыма көп септігін тигізіп келеді . Мен - ақпараттық технологияларды еркін меңгеруші студент болып қалыптасып келемін! Оқытушылардан алған білімімді санама құя біліп, тәрбиені бойыма сіңіріп келемін. Адам баласы кемелденіп, өзін ұштау үшін алдына мақсат қойып, діттегеніне жете білуі қажет. Мен кішкентай күнімнен мұғалім болуды армаданған елім . Мақсатым мен арманым ұштасып жатыр. Мұғалім болып , өмір шындығын бейнелеп, адамдарға-күш жігер беретін біліміп анық . Өмір болған соң барлығы да болады. Адамдар қуанады, жабығады. Еңсесі түсіп, жігері құм болған кезде бір ауыз жылы сөздің өзі бойына шипа, дертіне ем болуы мүмкін.Бұл маңызды дәлелдердің барлығы менің байқауға қатысуға шешім қабылдауға әсер етті!
«Топ – 100» байқауына қатысу арқылы мақсатыма жеткім келеді. Бұл менің Қазақстан Республикасының қарқындап дамуына, Мәңгілік Ел болып жасауына қосқан үлесім деп білемін.
«Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» деп ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай, мақсатыма жету жолында үзбей ізденіп келемін. Бұл әркетімді Егеменді елімнің азаматы ретінде өнерлі де
өрісі кең тұлға болып қалыптасу, қоғамды өнерге жұмылдыру, өзгеге үлгі болу деп білемін. Өйткені мен тәуелсіз еліміздің көк байрағының биікте мәңгі желбіреуін қалаймын.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст