Диплом алды тәжірибе бойынша қорытынды конференция

14.04.2021

2021 жылдың 14 сәуірінде 0111000 "Негізгі орта білім беру" мамандығы, 0111113 "Ағылшынша білімі бар математика мұғалімі" біліктілігі бойынша үшінші курс студенттерінің "Педагогикалық практика болашақ мұғалімнің кәсіби құндылығын педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру" тақырыбында диплом алды практикасының қорытынды есеп конференциясы өткізілді. Конференция мақсаты :педагогикалық практика барысында жинақталған кәсіби-педагогикалық тәжірибені қорыту және тәжірибе барысында өзіндік іс-әрекетті жалпылау және таңдау дағдыларын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау, өз көзқарасын дәлелдеу, тұлғааралық қатынас мәдениетін қалыптастыру. Конференцияға колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Жакина Әсем Марланқызы, әдіскерлер: Жанбекова Алтынай Есенкельдиновна, Нурпеисова Жұлдызай Қанатқызы және УМ-1-18 тобының студенттері қатысты. Түлектердің кәсіби дайындықтары туралы жүргізілген сауалнамада мектеп басшылары студенттердің ынталы, тиянақты еңбегін ерекше атап өтіп, жақсы пікірлермен ұсыныстар білдірді. Жалпы дипломалды тәжірибе бойынша топ студенттерінің үлгерімі және оқу сапасы -100% құрайды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст