"Волонтер жолы" еріктілер слеті

09.11.2022

2022 жылғы 7 қарашада М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж еріктілері облыстық "Волонтер жолы" еріктілер слетіне шақырылды. "Волонтер жолы" облыстық еріктілер слетін Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы және жастар ресурстық орталығы Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық ғылыми кітапханасында ұйымдастырды. Облыстық слетке облыстың барлық аудандарынан 30-ға жуық ерікті қатысты. Еріктілер үшін түрлі бағыттар бойынша үздік спикерлер сөз сөйледі. Іс-шараға СҚО әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Асқар Қайыржанұлы Баймұқанов, облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Сауле Қасымқанқызы Тахметова қатысты. Слет аясында еріктілермен тимбилдинг және тренингтер өткізілді. Іс-шара еріктілер қатарына қосылған еріктілерге куәліктер және ерекше көзге түскен еріктілерге алғыс хаттар табыстаумен аяқталды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст