«Шежіре күні»

17.03.2021

2021 жылдың 16 наурызы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде «Шежіре күні» өтті.

Бұл күні колледждің төртінші курс студенттері арасында «Шежіре күні» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Студенттердің өз отбасының (жеті ұрпақтың) тарихына танымдық қызығушылығын қалыптастыру.

«Жеті ата» дәстүрін насихаттау мақсатында студенттер арасында салт-дәстүрлері бойынша зияткерлік сайыстар өтті, сондай-ақ, студенттер өз жеті аталарын жатқа айтты.

Бұл күні отбасының, ел-жұрттың тарихы айтылып, шежіресі талқыланады. Сонымен қатар, әр отбасының үлкендері мал сойып, өткен-кеткен ата-бабаларына құран бағыштап, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді.

Қазақ халқы балаға жастайынан әкесінен бастап ағайын-туысын, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыруға, ататегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген, «Жеті атасын білу» заң болған. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, ел-жұрты үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көздеген. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатқан. Ел-жұрт тарихын білу ер-азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүюшілікке баулиды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст