«Қазақстан Республикасы колледждерінің Үздік 100 студенті»

10.12.2022

2022 жылғы 8 желтоқсанда Астана қаласының Оқушылар сарайында «Қазақстан Республикасы колледждерінің Топ 100 студенті» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «Талап» КАҚ Президенті Утельбаева Шолпан Ануарбекқызы конкурс жеңімпаздарын құттықтап, дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Жоба талантты жастарды қолдауға, білімі, дағдысы және дарындылығы арқасында табысқа жеткен ТжКБ-ның үздік студенттерін және жұмысшы біліктіліктерді танымал етуге бағытталған. ТжКББ ұйымдарында жобаның аймақтық кезеңі ағымдағы жылдың 1-15 қараша аралығында өтті. Ережеге сәйкес 10 студенттен өңірлік кезеңнің 5 үздік жұмысы онлайн дауыс беру үшін сайтқа орналастырылды. Студенттер жобада өзі туралы эссе, қатысушыны болашақ маман ретінде таныстыратын және оның белсенді қоғамдық қызметін көрсететін бейнеролик ұсынды. 30 қараша онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің 2 студенті Қазақстан Республикасы колледждерінің Үздік 100 студенті қатарына енді. Біздің жеңімпаздарымыз Курмашева Арай мен Жеңіс Шерхан, сондай-ақ осы студенттерге қолдау көрсеткен барлық оқытушылар мен студенттерді жобаның табысты аяқталуымен құттықтаймыз. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст