Кәсіптік бағдар беру

Кәсіптік бағдар беру

2023 жылғы 10 мамырда М. Жұмабаев атындағы Жоғары колледжде П�...

2023 жылғы 10 мамырда М. Жұмабаев атындағы Жоғары колледжде Петропавл қаласының № 2 орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді. Кездесудің мақсаты: мектеп түлектеріне болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу. Кәсіптік бағдар беру барысында мамандықтар және колледжге құжаттарды қабылдау ережелері туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар оқушылар заманауи жабдықталған кабинеттермен және колледждің it орталығымен танысты. Оқушылар кездесу барысында туындаған сұрақтарға толық жауап алды.

Автор:
Сарсенова  Шолпан  Болатқызы
редактор
Страница создана
11.05.2023
Дата обновления:
12.05.2023