WorldSkills Kazakhstan 2022 Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты

13.12.2022

4.12.2022-11.12.2022 аралығында Астана қаласында WorldSkills Kazakhstan 2022 республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Солтүстік Қазақстан облысының атынан Петропавл қаласының Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттері «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша Сухарева Виолетта, «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша Новиков Данил қатысты. Құзыреттілік бойынша жарыстың мақсаты үздік халықаралық тәжірибелерді көрсету болып табылады. «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыретіне Қазақстан Республикасының облыстарынан 20 адам қатысты. Құзыреттілік бойынша жарыстарда білім мен түсінуді тексеру практикалық жұмыстың орындалуын бағалау арқылы жүзеге асырылды. Конкурстық тапсырма төрт тәуелсіз модульден тұрды: 1-модуль «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу», 2-модуль «Ата-аналармен (заңды өкілдермен) және білім беру ұйымының қызметкерлерімен өзара іс-әрекет», 3-модуль «Мектеп жасына дейінгі балалардың әртүрлі іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын ұйымдастыру», 4-модуль «Өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту». Тапсырманы орындау барысында келесі білім салалары тексерілді: жалпы және балалар психологиясы, мектепке дейінгі педагогика, мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық дамуы, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дамуы, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дамуы, іс-әрекет түрлерінің интеграциясы, педагогтердің ата-аналармен (заңды өкілдермен) өзара әрекеттесуі, тәрбие барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сауатты қолдана білу. «Графикалық дизайн» құзыреттілігінің конкурстық тапсырмасы үш модульден тұрды: 1-модуль «Логотипті, стильдік нұсқаулықты, жарнамалық баспа өнімдерін әзірлеу», 2-модуль «Жылжыту үшін интернет-дүкеннің, мобильді қосымшаның және баннердің дизайнын жасау», 3-модуль «Балалар ойыншықтары мен қаптамасының үлгісін, электрондық кітапты әзірлеу». Әр модульдің тапсырмасын орындауды үш сарапшы әзірленген критерийлерге сәйкес бағалады. Барлық нәтижелер SIC бағдарламасына енгізілді, ол нәтижелерді санады. Чемпионат қорытындысы бойынша Сухарева Виолетта «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігінде екінші орынды, Новиков Данил – «Графикалық дизайн» құзыреттілігінде «Үздік маман» медальонын иеленді.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст