Бірінші курс студенттерін «Жас Сарбаз» әскери-спорт үйірмесіне салтанатты түрде қабылдау

21.10.2022

2022 жылдың 20 қазанында М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде 25 қазан Республика күнін мерекелеу қарсаңында бірінші курс студенттерін «Жас Сарбаз» әскери-спорт үйірмесіне салтанатты түрде қабылдау өткізілді. Іс шараның басында студенттер Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады, содан кейін үйірмеге кірушілерге үйірмеге қатысушылардың міндеттері түсіндірілді. Үйірме қатысушылары тәртіпті, себепсіз сабақ босатпауға және жақсы оқуға міндетті. Дене шынықтыру және спортпен белсенді айналысу, салауатты өмір салтын ұстану. Колледжде, қалалық және облыстық деңгейде өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысу. Колледжде, отбасында және қоғамдық орындарда үлгілі мінез-құлықтың үлгісі болу. Қабылданған анттың барлық талаптарын қатаң сақтау. Колледж мүлкіне ұқыпты қарауға және олардың сақталуын қадағалауға, үйірме басшысына бастапқы әскери және технологиялық даярлық бойынша оқу-материалдық базаны жетілдіруге көмектесуге міндетті. Өз үйірмесінің атағын жоғары көтеру. Студенттер «Жас Сарбаз» үйірмесіне кіру туралы салтанатты түрде ант берді, осы антты адал орындау туралы талапты растады. Сондай-ақ әскери-спорттық эстафета өткізілді. Оған колледждің оқу бөлімдерінің құрама командалары қатысты. Олар жылдамдықпен, күшпен және төзімділікпен жарысты, мінезі мен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті. Қатысушылардың барлық командалары колледж директорының грамоталарымен марапатталды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст