Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу аясында аға буын және студенттер арасында тоғызқұмалақ, шахмат ойындары

21.10.2022

2022 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу аясында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттері «Көмек жаныңда» еріктілер қозғалысымен бірлесіп аға буын және студенттер арасында тоғызқұмалақ, шахмат ойындары ұйымдастырылды. Жаңадан бастаған гроссмейстерлердің басты мақсаты – қарсыластың патшасына мат қою ғана емес, сонымен қатар тәжірибелі ойыншылардан бірнеше кеңестер алу болды. Осы интеллектуалды ойынның жанкүйерлері логикалық ойлау өнерін, жеңіске деген ұмтылысты көрсетті. Ойын шеберлігін ардагерлер ғана емес, біздің колледждің кейбір студенттері де көрсете білді. Мұндай кездесулер аға буынның еліміздің жас азаматтарымен қарым-қатынас жасауының жақсы дәстүріне айналуда.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст