"Әлеуметтік серіктестік – сапалы маман даярлаудың негізі»

15.11.2022

2022 жылғы 15 қарашада М. Жұмабаев атындағы Жоғары колледжде кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара серіктестік жасау мақсатында мектеп директорлары және балабақша меңгерушілерімен, дуалды оқытуға қатысатын кәсіпорындардың басшыларымен, БАҚ өкілдерімен кездесу өтті, нәтижесінде жұмыс берушілер күніне арналған «Әлеуметтік серіктестік – сапалы маман даярлаудың негізі» атты іс-шара ұйымдастырылды. Бағдарламаның сценарийі бойынша жұмыс берушілермен кездесу барысында үздік жұмыс берушілерді марапаттау рәсімі өткізілді: ҚР Білім Министрлігінің 2 Алғыс хаты және СҚО Білім басқармасының 18 құрмет грамотасы. Кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша педагогтар мен студенттердің жұмыс берушілермен диалогы сәтті жүзеге асырылды. "ASTANA HUB" өңірлік менеджері И. И. Бухонин ұйымдастырған қонақ дәрісі жаңа технологияларға шолу жасау бойынша жұмыс берушіден іскерлік ойын өткізудің тиімді нысаны болды. Маман өз кезегінде техникалық мамандықтар бойынша топтарда "Ақпараттандыру саласындағы киберқауіпсіздік" тақырыбында мастер-класс ұсынды. Бұдан әрі жұмыс берушілерге арналған колледж ұжымының шығармашылық таныстырылымы және оқу кабинеттер, зертханалар және "Жас маман" жобасы бойынша ІТ-құзіреттелік орталығымен таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Еңбек нарығы жағдайында әлеуметтік әріптестік кәсіптік білім беру сапасын арттырудың және жас мамандарды жаңа экономикалық жағдайларға бейімдеудің маңызды құралына айналады. Бұл үлкен әлеуметтік күйзелістерден аулақ болуға, қазіргі әлеуметтік және экономикалық қайшылықтарды жоюға көмектеседі. Әлеуметтік әріптестік кәсіптік білім беру мекемелері мен әлеуетті жұмыс берушілердің кәсіпорындардың кадрлық әлеуетін сақтау, жұмыс орындарын құру және болашақ мамандарды кәсіптік даярлау бойынша бірлескен күш-жігерін, келісілген іс-қимылдарын көздейді.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст