Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының баспасөз орталығында өткен «Жыр арқауы - Тәуелсіздік» атты әдеби-музыкалық кеші

16.12.2022

2022 жылдың 14 желтоқсанында колледж студенттері Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының баспасөз орталығында "Жыр арқауы - Тәуелсіздік" әдеби-музыкалық кешіне қатысты. Әдеби кешке «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің СҚО бойынша филиалының төрағасы Жанат Мұхамеджанов; ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Оспанова Марал Зейнел-Ғабиқызы; ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, Халықаралық, республикалық жыр-мүшәйралардың жүлдегері Аманжол Зағыпар қатысып, тәуелсіздікке қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп, өлеңдерін оқыды. С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушылары тәуелсіздік туралы өлеңдер оқыды. «Ермек Серкебаев атындағы «Өнер колледжі – өнердегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешенінің студенті Тайжан Нұрсұлтан тыңдаушылардың құлақ құрышын қандыра қазақтың күйлерін орындады. Тыңдаушылардың арасынан өнерлі жастар да өз лебіздерін білдіріп, жыр жолдарын оқыды. Шараға қатысушылар «Тәуелсіз Қазақстан – бейбітшілік пен келісімнің мекені» атты кітап көрмесімен танысты.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст