Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойы

30.03.2023

Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойы қарсаңында 2023 жылдың 29 наурызы күні Петропавл қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтті. Байқауға колледж, университет студенттері және мұғалімдері қатысты. Байқау нәтижелері бойынша Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің 3-курс студенті Ақбота Елеукен жұлделі 1-орынға ие болды. Жетекшісі – Ысқақова Лина Құдабайқызы. Шетел тілі пәнінің оқытушысы Әсемгүл Тасмағамбетова 2 орынға ие болды. Қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен, ал қатысушылардың жетекшілеріне Алғыс хаттар табысталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст