Бүгін бүкіл әлем өте маңызды күн – балаларды қорғау күнін атап өтті! Бұл көңілді мерекеде көптеген отбасылар балаларымен саябақтарда уақыттарын көңілді де қызықты өткізумен шектелмей, сонымен қатар бұл мереке әлемнің барлық балаларын қорғау қажеттілігі туралы және қоғамда әр баланың бақытты, дені сау, сыпайы және жауапты болып өсуіне мүмкіндік беруімен маңызды.
1 маусым күні Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледж еріктілері Петропавл қаласының Отбасылық үлгідегі балалар ауылына барып қайтты. Балалар ауылының тәрбиеленушілеріне жағымды эмоциялық көңіл-күймен тәтті балмұздақ таратты.
Біздің волонтер-студенттер балалар ауылының тәрбиеленушілеріне карантин аяқталғаннан кейін міндетті түрде қонаққа келуге уәде берді. "Искорки" волонтерлік тобы мерекені есте қаларлықтай өткізуге тырысты.