«Сыбайлас жемқорлық – біздің қоғамның проблемасы» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шара

16.12.2022

09.12.2022 жылы М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Сыбайлас жемқорлық – біздің қоғамның проблемасы» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың қоғамдық санасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Талқылау барысында сыбайлас жемқорлық ұғымы қарастырылды, балалар сыбайлас жемқорлық тарихымен, сыбайлас жемқорлық түрлерімен, сыбайлас жемқорлық туралы заңнамамен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістерімен танысты. Іс-шара «Саналы үрпақ» үйірмесінің студенттерімен өткізілді. Студенттерге арналған материал ойын түрінде дайындалды, сонымен қатар бейнероликтерді қарау және талқылау ұйымдастырылды. Студенттер проблемалық жағдайларды модельдеді, заңнамалық нормалар арқылы шешу жолдарын іздеді. Өткізілген іс-шара білім алушылардың құқықтық және адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Іс-шара соңында «Сыбайлас жемқорлықты қалай жеңуге болады?»деген сұраққа қатысушылар «Өзімізден бастайық» деп жауап берді. Іс-шараның барлық қатысушылары «Саналы ұрпақ» клубының дипломдарымен марапатталды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст