Жыл қорытындысын шығара отыра…

05.06.2021

2021 жылдың 4 маусымында М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде алғашқы ардагерлер ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті.

Қазіргі уақытта колледждің ардагерлер ұйымы 65 адамның басын біріктіріп отыр. Ардагерлер ұйымының биылғы барлық іс-шаралары Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің 100 жылдығына, Ұлы Жеңістің 76 жылдығына, Солтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына арналған. Кездесуге М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің директоры - Е. Б. Жанділдин, С.К. Тахметова – облыстық Ардагерлер кеңесінің әдіскері; облыстық Ардагерлер кеңесі жанындағы "Ардагер" клубының төрағасы - Н.И. Полещук және колледж ардагерлері қатысты.

Жиналыста алғашқы ардагерлер ұйымының төрағасы Н.В. Тимошенконың атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалды. Ардагерлер ұйымының жұмысына баға берілді және жиналыстың қаулысы қабылданды. Отырыста жаңа Ардагерлер кеңесінің сайлауы өтті, колледждің ардагерлер ұйымы жұмысының перспективалық бағыттары мен міндеттері айқындалды.

Ардагерлер ұйымының басты мақсаты – бұл ардагерлер мен қарт адамдардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, өмір сүру сапасын арттыру, сондай-ақ аға буын өкілдерінің барынша көп санының біздің колледж қоғамдық өмірінің барлық іс-шараларына, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге белсенді қатысу.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст