"Ерікті болу керемет!" ақпарртық кездесу

31.03.2021
Еріктілер атына алғыс айтылуы, еңбектері ең жоғары деңгейде бағалануы - олар үшін үлкен қолдау. Ағымдағы жылдың 31 наурызында @mrc_petropavl Жастар ресурстық орталығы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің белсенділерімен кездесу өткізді.
Іс-шараның мақсаты-патриотизмге тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін ояту, жастарды Жастар ресурстық орталығының мақсаттарымен және міндеттерімен таныстыру болып табылады.
Сонымен қатар Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын жүзеге асыру аясында „Игі істер марафоны„ жалпыұлттық жобасына белсенді қатысқандары және Петропавл қаласында белсенділік қозғалысын дамытқандары үшін еріктілерді марапаттау рәсімі өтті.
Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы А.Мұхамеджанов еріктілерге Петропавл қаласы әкімінің орынбасары А. Хабибулиннің атынан алғыс хаттар табыс етті.
"Ерікті болу дегеніміз - уақыттың бір бөлігін әлеуметтік маңызды жобаларға, яғни біздің өмірімізді жақсартатын жобаларға беру", - деп атап өтті "Искорки" еріктілер клубының төрайымы Бейсенбаева Сания.

Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст