"Қызға қырық үйден тыйым»

26.10.2021

2021 жылдың 22 қазанында сағат 15.00-де Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжі «Инабат» клубы мен Алматы қаласы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Қыз Жібек» клубы "Қызға қырық үйден тыйым» атты телемост-бағдарламасын өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту.
Тәрбие міндеттері:
- қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу;
- студенттердің ойлау, есте сақтау, танымдық қасиеттерін дамыту;
- қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.
Халқымыз «қыз – қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынға балап өсірген. Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қанша ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отырғанына назар аударылды.
Ырым - тыйым сөздер еске түсіріліп, қызықты викторина өткізілді. Алматы қаласы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Қыз жібек» клубының мүшелері...... баяндамаларын ...... ой бөлісті, екі жақ әнгімелесу, сұрақ – жауап әдістерін қолдана отырып тәжірибе алмасты. Өткізілген телемост бағдарламасында сәтті өтті, болашақ ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде қыз балаға дұрыс, өнегелі тәрбие беру жөнінде көптеген пікірлер айтылды. Көрермендеріміз де бұл бағдарламаға куә болып, өз ойларын ортаға салды. Бағдарламаға қатысқан қонақтарымызға алғысымыз шексіз!


«Инабат» клубының жетекшісі Кожакенова С.Р.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст